Accessibility links

Израиль Палестинамен келіссөздерді тоқтатпақ


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.
Израиль ХАМАС және "Палестинаны азат ету" ұйымдарының біріккен үкімет құру жоспарына жауап ретінде Палестинамен келіссөздерді тоқтататынын мәлімдеді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху кеңсесі таратқан мәлімдемеде "Министрлер кабинеті қатарында Израильді жоюға шақыратын ХАМАС террористік ұйымының мүшелері бар Палестина үкіметімен келіссөздер жүпргізбейді" деп жазылған. Тель-Авив палестиналық партиялардың бұл шешіміне қарсы шаралар жасайтынын да ескерткен.

Израиль үкіметінің бұл шешімі АҚШ-тың Израиль мен Палестинаны бейбіт келісімге келтіру үшін тоғыз ай бойы жасаған арағайындық әрекетін зая кетіруі мүмкін.

23 сәуір күні ХАМАС пен құрамында ФАТХ партиясы бар "Палестинаны азат ету" ұйымы алдағы бес аптада ымырашыл үкімет құрып, сайлау өткізу жоспарын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG