Accessibility links

Яценюк: Ресей дүниежүзілік соғыс бастауды көздейді


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Ресейді "Украинадағы әрекеті арқылы үшінші дүниежүзілік соғыс бастауды ойластырып жүр" деп айыптады.

Ол бүгін үкіметте тікелей эфирден сөйлеген сөзінде "Ресей Украинаны әскери және саяси тұрғыдан басып алып, соңы Еуропадағы әскери қақтығыстарға ұласатын соғыс тұтандырғысы келеді" деді.

Мұның алдында ғана Украина қорғаныс министрі Михаил Коваль Ресей әскері Украинамен шекараға небәрі бір километр жерде ғана әскери жаттығулар өткізіп жатқанын мәлімдеп, Украина қарулы күштері "кез-келген агрессияға дайын тұратынын" айтқан.

Ресей мұның алдында, наурыз айында Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер үкімет ғимараттарын басып алып жатқан тұста, шекараға 35-40 мың әскерін шоғырландырып, халықаралық қауымдастықтың наразылығына ұшыраған.
XS
SM
MD
LG