Accessibility links

G7 Ресейге жаңа санкциялар салуы мүмкін


Украина арнайы жасақтары. Славянск, 25 сәуір 2014 жжыл.
Украина арнайы жасақтары. Славянск, 25 сәуір 2014 жжыл.
G7 ("Үлкен жетілік") елдерінің басшылары Ресейге қарсы қосымша санкциялар жариялауы мүмкін. Олар Ресей Украина дағдарысын реттеу жөніндегі Женева келісімі талаптарын орындамаған жағдайда жарияланады.

26 сәуір күні жарияланған G7 мәлімдемесінде "Жеті елдің де Ресейге жаңа санкциялар салуға дайын екені, бұл шараның Украинада президент сайлауын (25 мамыр) өткізуге жағдай жасау үшін атқарылатыны" айтылған.

Бұл мәлімдемемен қатар БАҚ-та "АҚШ пен Еуропа Одағының санкциялар туралы дүйсенбі (28 сәуір) күні хабарлайтыны" туралы ақпараттар шықты.

Германия канцлері Ангела Меркель келесі аптада Вашингтонға (АҚШ астанасы) АҚШ президенті Барак Обамамен Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне қарсы "бірлескен шараларды" талқылауға барады.
XS
SM
MD
LG