Accessibility links

Украинада ЕҚЫҰ өкілдерін сепаратистер ұстады


Ресейшіл сепаратист. Славянск, 21 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейшіл сепаратист. Славянск, 21 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Украина ішкі істер министрлігі елдің шығысындағы Славянск қаласында ресейшіл сепаратистер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) әскери бақылаушыларын ұстап алғанын хабарлады.

Министрлік ақпаратына қарағанда, сепаратистер ЕҚЫҰ бақылаушыларымен қатар Украинаның бес жауынгерін ұстап отыр. Оларды босату үшін келіссөздер жүргізілген.

Хабарламада көтерілісшілердің "ЕҚЫҰ бақылаушылары мінген автобусты басып алғаны" айтылған. Бақылаушылар Славянск қаласындағы қауіпсіздік қызметіне бара жатқан.

ЕҚЫҰ бақылаушылары бұл аймаққа 17 сәуір күні АҚШ, Еуропа Одағы, Украина және Ресей қол қойған Женева келісімі бойынша келген. Тараптар Украинадағы шиеленісті реттеуге келіскен еді. Ресей мен Батыс елдері бірін-бірі "келісім талаптарын орындамады" деп айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG