Accessibility links

Ресейді әскерін Приднестровьеден әкетуге шақырды


Молдова президенті Николае Тимофти Азаттық кеңсесінде отыр.
Молдова президенті Николае Тимофти Азаттық кеңсесінде отыр.
Молдова президенті Николае Тимофти Ресейді Приднестровье аймағындағы әскерін әкетуге шақырды.

Тимофти 25 сәуір күні Прагада Азаттыққа сұхбат берді. Ол "Молдованың НАТО-ға мүше болған жағдайда қауіпсіздігі күшейтілетінін" айтты. Тимофти "Ресейдің Қара теңіздегі әрекеттері алаңдаушылық тудырып отыр" дейді.

Молдова президенті "Ресей ақпарат құралдарында пост-советтік республикалардың шекарасын өзгерту туралы айтылып жүргенін" атап өтті.

Ол "Ресейдің Қырымды қосып алуына байланысты журналистер бұл сценарийдің Молдовада да, соның ішінде Приднестровьеде қайталануы мүмкін екенін айта бастады" дейді.

Тимофти НАТО мен Молдова арасындағы қатынастар "өте жақсы" дамып келе жатқанын, Молдованың НАТО-ның бітімгершілік миссияларына қатысатынын ескерткен.
XS
SM
MD
LG