Accessibility links

Махмуд Аббас Холокосты айыптады


Палестина басшысы Махмуд Аббас.
Палестина басшысы Махмуд Аббас.
Палестина басшысы Махмуд Аббас Холокост кезіндегі еврей халқына қолдан жасалған қайғы-қасіретті қазіргі дәуірдегі адамзатқа қарсы «ең жаман жантүршігерлік қылмыс» деп атады.

Бүгін таратылған Аббастың мәлімдемесінде алты миллионға жуық еврейдің қазасына жауапты нацистердің құрбанына айналғандардың отбасыларына деген аяушылық сезімі туралы айтылған. Бұл мәлімдеме Израильде Екінші дүниежүзілік соғыста опат болған еврейлерді ұлттық аза тұту күніне орай шаралар басталардан бірнеше сағат бұрын жарияланған.

Сонымен қоса Махмуд Аббас өз мәлімдемесінде израиль жетекшілерін аймақтағы екі мемлекет – Израиль мен Палестинаның өзара келісім мен қауіпсіздікке негізделген «шынайы бейбітшілікке қол жеткізу үшін бар мүмкіндікті пайдалануға» шақырған.

Бұған дейін осы аптада Аббас әкімшілігі Газа секторын басқылауда ұстап отырған ХАМАС радикалды тобымен келісімге келген соң Израиль билігі палестиндіктермен бейбіт келіссөздерден шығатыны туралы мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG