Accessibility links

ЕО Молдоваға виза режимін жойды


Молдова премьер-министрі Юрий Лянкэ. 28 наурыз 2014 жыл.
Молдова премьер-министрі Юрий Лянкэ. 28 наурыз 2014 жыл.
Молдова азаматтары енді Еуропа Одағының (ЕО) көпшілік елдеріне визасыз бара алатын болды. Еуропа комиссиясы бұл туралы таратқан арнайы мәлімдемесінде Молдованың биометриялық төлқұжаты бар азаматтары сәуірдің 28-інен бастап Еуропаның Шенген аймағына визасыз бара алатыны айтылған.

Шенген аймағына ЕО-ға мүше елдердің көпшілігі және оған мүше емес Норвегия мен Швейцария кіреді.

"ЕО көтерген реформалар мен молдовалықтар үшін визасыз режимнің енгізілуі елдің сепаратистік Приднестровье аймағының мәселесін шешуге септігін тигізіп, аймақ тұрғындарының Молдоваға қосылу қызығушылығын арттырады" дейді Молдова премьер-министрі Юрий Лянкэ.
XS
SM
MD
LG