Accessibility links

ЕО Ресейге қатысты тағы 15 адамға санкция салмақ


Еуропалық дипломаттардың сөзінше, Еуропа Одағына (ЕО) мүше елдер Ресейдің Украинадағы әрекетіне жауап ретінде санкция салынатын лауазымды тұлғалардың тізіміне 15 адамды қосуға келісіп отыр.

Санкция салынған адамдарға виза беруге тыйым салынып, активтері бұғауланады.

Брюссельде өткен жиыннан соң дипломаттар ақпарат құралдарына берген жауабында олардың атын атаудан бас тартқан. ЕО-елдерінің бірлескен ресми мәлімдемесі таяу уақытта жариялануы тиіс.

Осымен ЕО санкция салған Ресей шенеуніктері мен ресейшіл тұлғалардың жалпы саны 48-ге жетеді.

28 сәуірде АҚШ Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы бар ресейлік сегіз шенеунік пен 17 компанияға санкция салған еді.
XS
SM
MD
LG