Ресейдің ЕҚЫҰ-дағы елшісі Андрей Келин ұйымның ресейшіл сепаратистер кепілге алған әскери бақылаушыларын Украинаның шығысына жіберуі "өте жауапсыз шешім болды" деп мәлімдеді.
28 сәуірде Венада ЕҚЫҰ өкілдерінің шұғыл кездесуінен соң журналистер алдында сөйлеген Ресей өкілі "тұтқындағы еуропалық бақылаушылардың босатылуы Украинадағы дағдарыстың бәсеңсуіне оң әсер" етеді деді. Оның сөзінше, Мәскеу де бақылаушылардың босатылуы үшін "бірқатар қадамдар" жасап жатыр. Бірақ дипломат нақты қандай қадамдар екенін ашып айтпады.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун 28 сәуірде Украинада тұтқынға алынған ЕҚЫҰ бақылаушыларын дереу босатуға шақырған.
Украинаның шығысындағы Славянск қаласында ресейшіл сепаратистер 15 сәуірде ЕҚЫҰ-ның сегіз бақылаушысын тұтқынға алған еді. Олардың біреуі кейінірек денсаулығына байланысты босатылған. Сепаратистер "әскери тұтқындар" деп атаған өзге бақылаушылар әлі тұтқында отыр.