Accessibility links

Румыния НАТО-ны Қара теңізде әскер көбейтуге шақырды


Румыния сыртқы істер министрі Титус Корлэцян .
Румыния сыртқы істер министрі Титус Корлэцян .
Румыния АҚШ пен НАТО-ны Қара теңіздегі әскерін көбейтуге шақырды. Бұл елдің билігі Ресей Қырымды қосып алғаннан кейін Қара теңіздегі тұрақтылыққа алаңдайтынын айтады.

Бұл мәлімдемені Румыния сыртқы істер министрлігі 1 мамыр күні таратты. Онда НАТО әскері болашақта Қара теңіз қауіпсіздігін де бақылауы керек екені, Мәскеудің "тәртіп бұзатын бастамаларына" қарсы тұру қажеттігі айтылған.

Румыния сыртқы істер министрі Титус Корлэцян осы аптада Вашингтонға, АҚШ билігімен көршілес Украинадағы жағдайды талқылауға барған еді. Сапардан соң елдің сыртқы істер министрлігі "бұдан ары АҚШ әскери кемелерінің Румыния порттарына жиі келе бастайтынын, ұжымдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында бірлескен әскери теңіз, құрлықтық және әуе жаттығулары өтетінін" мәлімдеді.

Румыния Еуропа Одағына 2007 жылы кірді. Ресей Қырымды қосып алғаннан кейін бұл ел Мәскеуге қарсы санкцияларды барынша қолдады. Бухарест Мәскеудің көршілес жатқан Молдоваға агрессия жасауынан қауіптенеді.

Румыния премьер-министрі Виктор Понта дүйсенбі күні "елдің қорғаныс бюджеті биыл 217 миллион долларға көбейетінін, оның ұлттық жиынтық өнімнің 0,2 пайызы болатынын" хабарлады.
XS
SM
MD
LG