Accessibility links

Донецкіде прокуратураға шабуыл жасалды


Донецк қаласындағы прокуратура ғимаратының алдында тұрған ресейшілдер. Украина, 1 мамыр 2014 жыл.
Донецк қаласындағы прокуратура ғимаратының алдында тұрған ресейшілдер. Украина, 1 мамыр 2014 жыл.
1 мамыр күні Украинаның шығысындағы Донецк қаласындағы прокуратура ғимаратына ресейшіл сепаратистер шабуыл жасады. Ресейшіл топ ғимаратты қоршап тұрған арнайы жасаққа тас лақтырған. Полиция оған қарсы көз ашытатын газ шашқан.

Кейбір демонстранттар полицейлердің қалқандарын тартып алған. Бұл қақтығыс "Донецк халық республикасы" деген жазуы бар ту алып шыққан бірнеше жүз адамның шеруінен кейін басталған. Шерушілер аймақтың автономия немесе тәуелсіздік алуын, кейін Ресейге қосылуын жақтайды.

Шабуыл жасағандар прокуратура ғимаратындағы Украина туын жығып, өртеп жіберген. Оның орнына "Донецк халық республикасы" деген жазуы бар жалау ілген. "Интерфакс" ақпаратына қарағанда, қақтығыс кезінде 26 жарақат алған, екі адам ауруханаға түскен, төрт адамға оқ тиген.

1 мамыр күні Донецк облысындағы Горловка қаласы прокуратурасын ресейшілдер басып алғаны хабарланды. Бұл туралы ақпарат жергілікті Gorlovka.ua сайтында жарияланды. Ондағы ақпаратқа қарағанда, маска киген адамдар прокуратура ғимаратынан компьютерлерді алып кеткен. Прокуратура құжаттарын ғимарат ауласында өртеген.

Донецк - Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичті қолдайтын, ресейшіл аймақ. Янукович 2014 жылы ақпан айында биліктен қуылды.
XS
SM
MD
LG