Украинадағы "Новости Донбасса" газеті америкалық Buzzfeed басылымының Славянскіде жүрген тілшісі Майк Джиглио мен аудармашы Елена Глазунованың жоғалып кеткенін хабарлады.
Тілші мен аудармашы мінген көлік Краматорск ауданында жүргенде хабар-ошарсыз кеткені айтылады. Глазунова достарына: "Бізді сепаратистер ұстап әкетті" деген хабарлама жазған. Джиглио әріптестеріне Глазунова екеуін Славянскідегі басып алынған ғимаратқа әкеткенін хабарлаған. Қазір олардың телефондары жауап бермейді.
Сепаратистер өкілі Стелла Хорошева Глазунова мен Джиглионы ресейшіл белсенділер әкетпегенін мәлімдеді.
"Новости Донбасса" басылымы тілшісі Алексей Мацуктың хабарлауынша, Донецк облысында жүрген SkyNews және CBS телеарналарының түсіру тобы да Константиновка қаласына ене бере хабарсыз кеткен.
Бұқаралық ақпарат институтының дерегінше, Украинаның шығысында БАҚ өкілдерін ұстап әкеткен 18 оқиға тіркелген.