Украинаның шығысында бірнеше күн ресейшіл сепаратистер тұтқынында болып, 3 мамыр күні босатылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) жеті әскери бақылаушысы сол күні кешке Берлинге жетті.
Германия қорғаныс министрі Урсула вон дер Лайен "ЕҚЫҰ бақылаушыларының мұнда аман-есен жеткеніне жаны жай тауып отырғанын" айтты.
ЕҚЫҰ-ның жеті бақылаушысы мен оларға еріп жүрген Украинаның бес офицерін 25 сәуірде Славянск қаласында ресейшіл сепаратистер "тыңшылар" деген күдікпен ұстаған еді. ЕҚЫҰ бақылаушылары мен Украина әскерилері 3 мамыр күні Ресей президентінің өкілі Владимир Лукиннің араласуымен босатылған.