Accessibility links

Бішкек Украинаға алаңдаушылық білдірді


Тұтқындалған ресейшіл белсенділер. Славянск, 2 мамыр 2014 жыл.
Тұтқындалған ресейшіл белсенділер. Славянск, 2 мамыр 2014 жыл.
Қырғызстан Украинадағы адам қазасына ұласқан соңғы күндердегі оқиғаларға алаңдаушылық білдірді. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі бұған қатысты арнайы мәлімдеме таратып, Украинадағы қарсыласушы тараптарды зорлық-зомбылықты тоқтатуға, оларды БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқықтық нормалар негізінде тезірек диалог орнатуға шақырған.

Соңғы күндері Украинаның шығысындағы жағдай шиеленісіп кетті. Мамырдың 2-сі күні елдің күш құрылымдары антитеррористік операциялар ауқымын кеңейтіп, ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Славянск қаласына шабуыл бастады. Сол күні кешке Одессада Украинаның біртұтастығын қолдаушылар мен ресейшіл белсенділер арасындағы қақтығыстар салдарынан қырыққа жуық адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.

3 мамырда украиналық күштер Краматорск қаласына шабуыл бастады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол қалада қаза тапқандар да бар.
XS
SM
MD
LG