Accessibility links

БҰҰ: Сириялық босқындарға көмек қажет


Сириялық босқындар лагерінде, Ирак. (Көрнекі сурет)
Сириялық босқындар лагерінде, Ирак. (Көрнекі сурет)
БҰҰ халықаралық донорларды сириялық миллиондаған босқын мен оларды қабылдаушы елдерге "көмекті жеткіліксіз түрде көрсетеді" деп сынады.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі комиссары Антонио Гутеррес Иорданияның солтүстігіндегі Заатари босқындар лагерінде Египет, Иордания, Ирак, Ливан және Түркия өкілдерімен кездесуінде Сирия дағдарысы "барынша жаппай көмек көрсетуді қажет етеді" деп мәлімдеді.

Гутеррестің айтуынша, Сириядағы соғыстан қашқан босқындарға "мүлдем көмек көрсетілмейді". Заатариде 100 мыңнан астам сириялық босқын тұрып жатыр.

Сирияда азаматтық соғыстан халықтың жартысы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Көршілес елдерге 3 миллионға жуық сириялық босып кетті. "Әл-Арабия" телеарнасына берген сұхбатында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирия президенті Башар Асад билігінің бюрократиялық кедергілерінің салдарынан "миллиондаған сириялық гуманитарлық көмекке ие бола алмай отырғанын" айтты.
XS
SM
MD
LG