Accessibility links

Коста-Рика Ресей мен Никарагуа әскери қатынасына алаңдайды


Венесуэланың Ла-Гуайра портында тұрған ресейлік "Мәскеу" әскери кемесі. 27 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Венесуэланың Ла-Гуайра портында тұрған ресейлік "Мәскеу" әскери кемесі. 27 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Орталық Америкадағы шағын мемлекет - Коста-Риканың сыртқы істер министрі Энрике Кастильо көршілес Никарагуа мемлекеті Ресейге тәуелді әскери байланыстар орната бастады деп алаңдаушылық білдірді.

4 мамыр күні La Nacion daily басылымында жарияланған сұхбатында Кастильо "Ресей Никарагуаны қаруландыруға көмектеспек, әскери кемелер, ұшақтар мен басқа да қару түрлерін сатып алу туралы келіссөздер өтіп жатыр" деген.

Халықаралық сот қазір Коста-Рика мен Никарагуа арасындағы ортақ шекара дауын қарап жатыр.

Өткен айда Никарагуа президенті Даниэль Ортега өз елі көмек көрсетуге дайын кез келген елдің көмегімен "армияны одан ары нығайтып, модернизациялайтынын" мәлімдеген еді.

Ресейдің Никарагуадағы елшісі наурыз айында Мәскеу осы елде әскери база салғысы келетінін растаған. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей Никарагуа, Куба және Венесуэладағы әскери ықпалын арттыруды қарастырып жатқанын мәлімдеген.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров өткен аптада Никарагуаға барған.

Никарагуа, Венесуэла бұған дейін Грузияның жікшіл аймағы - Абхазияның тәуелсіздігін мойындаған.

Наурыз айында БҰҰ Бас Ассамблеясында Қырымның аннексиялануына байланысты "Украинаның территориялық тұтастығы" туралы қарарды қабылдарда оған қарсы дауыс берген елдердің арасында Никарагуа да болған.
XS
SM
MD
LG