Accessibility links

Бішкекте Кеден одағына кіруге қарсы шара өтті


Кеден Одағына қарсылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:11 0:00

ВИДЕО: Кеден одағына қарсылық акциясы. Бішкек, 5 мамыр 2014 жыл.

Бүгін Қырғызстанда үкіметтік емес ұйымдардың 100-ге жуық белсендісі елдің Ресей бастаған Кеден одағына кіруіне қарсылық білдірді.

«Қырғызстан Кеден одағына қарсы» қозғалысы, «Реформа» саяси партиясы және Демократиялық альянс белсенділері Бішкектің орталығына жиналып, Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы «ұлттық мүдеге қайшы әрі елдің саяси және экономикалық еркіндігін шектейді» деп мәлімдеді.

Өткен аптада Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев: «Елдің Кеден одағына қосылуы жөніндегі жол картасы толықтай дайын болып қалды және таяуда Кеден одағына мүше елдер - Ресей, Қазақстан және Беларусь пен Қырғызстан өкілдері оны талқылап, мақұлдайды» деп мәлімдеген еді.

Мәскеу бұрынғы совет республикаларын Кеден одағына кіруге көндіруге тырысып келеді.
XS
SM
MD
LG