Accessibility links

Ресейде нацизмді ақтауға қарсы заң қабылданды


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин нацистердің әскери қылмыс жасағанын ақтайтын немесе жоққа шығаратын іс-әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік тағайындайтын заңға қол қойды.

Құжат бойынша, Нюрнберг процесінде белгіленген Гитлердің коалициясында болған елдер жасады делінген қылмыстарды жоққа шығарды деп айыпталғандарды бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 500 мың рубль айыппұл салып жазалау көзделген.

Заң нацистердің әрекетін ашық қолдайтындарға, әсіресе бұл туралы көзқарастарын БАҚ арқылы үгіттегендерге қолданылады. Бұған қоса "Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Совет одағының іс-әрекеті туралы жалған ақпаратты" саналы түрде таратқандар да жазаға тартылуы ықтимал.

Заңға Жеңіс күні - 9 мамыр қарсаңында қол қойылуы Мәскеудің украин ұлтшылдарының әрекеті мен нацистердің қылмыстарын ұқсататын саясат ұстанатынын ашық көрсетті дейді сарапшылар.
XS
SM
MD
LG