Accessibility links

Одессаның губернаторы ауысты


Одесса облыстық әкімшілігі. 2 мамыр 2014 жыл.
Одесса облыстық әкімшілігі. 2 мамыр 2014 жыл.
Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов Одесса облысының губернаторы Владимир Немировскийді қызметінен босатты. Немировскийдің орнына губернатор болып депутат, бизнесмен, ірі "Укрнафта" мұнай компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Игорь Палица тағайындалды.

Украиналық ақпарат құралдары "Палицаның Днепропетровск облысының олигархы Игорь Коломойскиймен байланысы бар" дейді.

2 мамырда Одессада Украинаның тұтастығын қолдап шеруге шыққандар мен ресейшіл топ арасында болған қақтығыстан ресми дерек бойынша 46 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жараланған еді. Жергілікті тұрғындар қайғылы оқиғаға облыс басшылығын, оның ішінде губернатор Немировский мен милиция жетекшілерін кінәлайды.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков Одессадағы қайғылы оқиғаны тексеруге шетелдік сарапшылар да қатыстырылатынын, оның қорытындысы көпшілікке жария болатынын айтқан.
XS
SM
MD
LG