Accessibility links

Украинада коммунистерді парламент жиынына қатыстырмады


Украина парламентінің отырысы. (Көрнекі сурет)
Украина парламентінің отырысы. (Көрнекі сурет)
6 мамыр күні Украина парламентінде коммунистік партия фракциясын парламенттің жабық отырысына қатыстырмай қойды. Жиында күш құрылымдары басшылары елдің шығысындағы жағдай туралы есеп беруі тиіс еді.

Компартия фракциясы жабық жиыннан дауыс беру арқылы шығарылып жіберілді. "Батькивщина" партиясының депутаты Александр Бригинец Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында фракцияның жиынға қатыстырылмауына "украин коммунистерінің жетекшісі Петр Симоненконың сепаратистік мәлімдемелері себеп болған" деп жазды.

Коммунист депутаттарды жиыннан шығарып жіберу жайын дауысқа салуды президенттікке үміткер Олег Ляшко ұсынған. Facebook желісіндегі парақшасында ол: "Менің ұсынысым бойынша Жоғарғы Рада коммунистер фракциясын залдан шығарып жіберуге дауыс берді. Бұл - тарихи оқиға болды. Жақын уақытта біз бұл сатқын партияға тыйым саламыз деген үміттемін" деп жазды.

Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов жабық жиында "Украинаның қауіпсіздігіне қатысты маңызды шешім қабылданатынын" айтып, оған депутаттардың барлығын қатысуға шақырған.
XS
SM
MD
LG