Accessibility links

Қырымда Меджлис мүшесін ұрып кетті


Қырымдағы өзін-өзі қорғау жасақтары. (Көрнекі сурет)
Қырымдағы өзін-өзі қорғау жасақтары. (Көрнекі сурет)
Қырым татарлары Меджлисінің мүшесін Қырымдағы өзін-өзі қорғау жасақтары аталып кеткен бейресми әскери топ ұрып кетті.

Меджлистің сыртқы қатынастар департаменті басшысы Әли Хамзин Азаттыққа "Симферопольде камуфляж киген белгісіз адамдар Абдураман Егизді ұрып кеткенін" растады. Белгісіз топ Егизден құжаттарын талап еткен, оған қарсы Меджлис мүшесі құқық қорғау органдары өкілдерін шақыруға әрекеттенген, бұдан соң белгісіз адамдар оның көлігін тінткен.

Хамзиннің сөзіне қарағанда, 18 мамыр қарсаңында Қырым татарларына шабуыл жиілеуі мүмкін. Бұл күні Қырым татарлары Орталық Азияға күшпен депортацияланғандарының 70 жылдығын атап өтпек.

Қырым татарларының Меджлисі Ресейдің Қырымды аннексиялауын мойындамай отыр. 4 мамыр күні Қырымның бас прокуроры Меджлис басшылығына "егер мүшелері "экстремистік" әрекеттерге қатысатын болса, ұйымның жабылуы мүмкін екенін" ескертті.
XS
SM
MD
LG