Accessibility links

Астанада әскери парад өтті


Әскери парад. Астана, 7 мамыр 2014 жыл.
Әскери парад. Астана, 7 мамыр 2014 жыл.
7 мамыр күні Астанадағы "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда әскери парад өтті. Шараға қорғаныс министрлігі, ішкі істер министрлігі жауынгерлері, төтенше жағдайлар министрлігі жасақтары, республикалық ұлан және ҰҚК шекара қызметі сарбаздары қатысты. Әскери парадты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бақылады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, парадқа екі мыңнан астам әскери қызметкер, 250 әскери техника, 75 әуе техникасы қатысқан.

Қазақстанда 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. 2012 жылы қабылданған заң бойынша, бұл күн демалыс деп жарияланған.
XS
SM
MD
LG