Иран астанасы Тегеранда исламның киіну ережесін бұзуға қарсы акция өтті. Бұл елде ислам тәртібімен киіну 1979 жылғы революциядан кейін міндеттелген. IRNA ресми агенттігінің хабарлауынша, шеруге шамамен төрт мың адам қатысқан.
Иранда жыл сайын мыңдаған әйелге хиджапты дұрыс тақпағаны үшін айыппұл салынады. Кейде олар тұтқынға да алынады. 2013 жылы қараша айында ел президентә Хассан Роухани құқық қорғау органдарына әйелдерге жазаны жұмсарту жайында үндеу тастаған еді.
Қарсылық акциясына қатысушылардың мәлімдемесінде "Қоғамдық орындарда әдеп сақтау, хиджап тағу - стратегиялық мәселелер. Оның маңызы экономикалық санкцияларға бола немесе үкімет ауысты деген желеумен ұмытылмауы керек" дейді.
Тегеран облысы губернаторы Хуссейн Хашеми "шеру заңсыз болғанын, ұйымдастырушылардың биліктен рұқсат алмағанын" айтады. Консервативтік мұсылмандардың позициясын қорғайтын "Фарси" ақпарат агенттігі "шерудің Тегеран полициясы басшысының тарап кету туралы талабынан кейін аяқталғанын" хабарлады.