Accessibility links

"Газпром": Киев сәуірдің газын төлемеді


"Газпром" жұмысшысы. (Көрнекі сурет)
"Газпром" жұмысшысы. (Көрнекі сурет)
"Газпром" компаниясы "Украина сәуір айында берілген газға төлемегенін, есеп айырысудың соңғы мерзімі ретінде белгіленген 7 мамырдың өтіп кеткенін" мәлімдеді.

"Газпромның" ресми өкілі Сергей Куприянов "Киевтің Ресей газына қарызы үш жарым миллиард доллардан асқанын" айтты.

Ресейдің энергетика министрі Александр Новак "егер Киев сәуірдің қарызын жаппаса, маусымнан бастап газды аванс арқылы ғана сатып алатынын" мәлімдеді.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк 7 мамыр күні "Киевтің 10 күннің ішінде қарызды түгел жабуға дайын екенін" айтты. Бірақ Украина қарыз төлеудің шартын ұсынады. Ол бойынша Ресей газының Украинаға берген әрбір мың текшеметрі 268 доллар деп бағалануы керек. Ресей Украинаға 2014 жылдың алғашқы тоқсанында газды осы бағаға сатқан еді. Яценюк бұл ұсыныстың «Газпромға» жіберілгенін айтады.

2014 жылы наурыз айында қарыз төлемегені үшін "Газпром" Украинаның жеңілдіктерін алып тастаған еді. Қырымды қосып алғаннан кейін Ресей Қара теңіздегі флоты үшін газды арзан беру туралы Харьков келісімін жарамсыз деп тапты. Осылайша Украинаның қарызы әр мың текшеметр газ үшін 500 доллардан қайта есептеліп, көбейіп шыға келді. Киев ол қарызды мойындамайды.
XS
SM
MD
LG