Accessibility links

АҚШ өкілі Палестина жетекшісімен кездесті


АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Райс.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Райс.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Райс 8 мамыр күні Рамаллада Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббаспен кездескен. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

Израиль мен Палестина келіссөздеріне қатысты Райс: «АҚШ егер бұл келіссөздер барысында үзіліс пайда болса, онда баянды бейбітшілікке жеткізер жалғыз жол – тікелей келіссөздер өткізу деп біледі. Ол - татулық пен қауіпсіздік жағдайында қоңсы өмір сүретін, екі тәуелсіз мемлекет құруға қол жеткізетін келіссөздер болмақ» деген.

Райс АҚШ үкіметі Палестина халқының дамуына қолдау білдіретінін айтқан. Ол Палестинаның кез келген үкіметі зорлық-зомбылықтан бас тартып, Израиль мемлекетін тануы тиіс деген АҚШ саясаты бұлжымайтынын атап өткен.

Аббаспен кездесер алдында Райс Рамалладағы АҚШ бас консулдығында палестиндік жастармен кездесіп, әңгімелескен.

Бұған дейін Сьюзан Райс Иерусалимде Израиль басшыларымен кездесуге қатысып, АҚШ-Израиль кеңесулерін өткізген еді.
XS
SM
MD
LG