Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони бүгін Милан қаласы маңындағы қарттар үйінде қоғамдық жұмыстарды атқаруға кірісті. 77 жастағы Берлускони осы мекемеде жатқан ақыл-есі нашар қарияларға көмектеседі деп хабарланды.
Берлусконидің иелігіндегі Mediaset компаниясы салықтан жалтарғаны үшін былтыр сот Италия үкіметінің бұрынғы жетекшісін төрт жылға бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарған еді. Бірақ кейін жаза мерзімін бір жылға қысқартқан сот оның егде жасын ескеріп, Берулскониге тағайындалған түрме жазасын қоғамдық пайдалы жұмыстар атқарумен алмастырған.
Сот шешіміне сәйкес, Сильвио Берлускони енді бір жыл бойы күніне кемінде төрт қарттар үйінде жұмыс істеуге міндетті.