Украинаның шығысындағы Донецкіде халықаралық Қызыл крест ұйымының еріктілерін ұстап алғаны хабарланды.
Халықаралық ұйым өкілдігіне жұма күні кешке шабуыл жасаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың қолында қазір жеті адам: үшеуі – Киевтің және үшеуі – Донецкінің тұрғындары, сонымен бірге Францияның бір азаматы бар.
Донецкіде гуманитарлық миссиямен жүрген «Әділетті жәрдем» («Справедливая помощь») қорының басшысы Елизавета Глинка ресейлік РБК агенттігіне ұрланғандардың барлығы еріктілер екенін айтқан.
«Новости Донбасса» басылымының хабарлауынша, Қызыл крест ұйымының өкілдері Донецк қаласына мұқтаж жандарға, әсіресе көшедеі қақтығыстар барысында зардап шеккендерге дәрі-дәрмектер әкелген.