Украина үкімет күштері ресейшіл сепаратистермен шайқасып жатқан Мариуполь қаласында прокуратура мен әскери бөлім өртенді. Ресейшіл белсендінің айтуынша, прокуратура терезесіне белгісіз адамдар жанғыш заты бар шөлмек лақтырған.
"Украинская правда" басылымының хабарлауынша, әскери бөлімде өрттің неден шыққаны белгісіз. 9 мамыр күні украиналық әскерилер әскери бөлімді тастап шығып, 10 мамыр күні әскери бөлім тонауға ұшырап, одан бронды әскери көлікті айдап әкеткен.
Донецк облыстық денсаулық сақтау департаментінің УНИАН агенттігіне берген ақпаратына қарағанда, 9 мамыр күні Мариупольде ресейшіл сепаратистерге қарсы арнайы операция барысында тоғыз адам қаза тауып, 42 адам жараланып ауруханаға түскен.
10 мамыр күні Украина қорғаныс министрлігі мен Мариупольдегі милиция басқармасы қаза тапқандар арасында екі әскери мен ішкі істер министрлігінің Мариупольдегі екі қызметкері бар деп хабарлаған.
Жұма күні Украина ішкі істер министрлігі облыстық басқармасы үкімет күштерінің қалалық милиция басқармасын алуға әрекет жасап жатқаны туралы хабарлаған еді. Куәгерлердің сөзінше, ұлттық гвардия оқ астына алған қалалық милиция кеңсесінде өрт шыққан.