12 мамырда Шымкентте қатты дауылдан қалалық хайуанаттар бағындағы ағаш құлап, бір адам мерт болды деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
Хайуанаттар бағының директоры Сейдолла Жұбаевтың айтуынша, құлаған ағаш жолда кетіп бара жатқан адамды - осы бақтың 52 жастағы қызметкерін басып қалып, ол әйел сол жерде қайтыс болған.
Шымкентте 10 мамырдан бері қатты жел соғып тұр. Дауылдан қаланың кейбір бөліктерінде жарық сөніп, кейбір үйлердің шатырлары ұшып кеткен. Көшедегі ағаштар құлап, билбордтар жыртылған.
Қатты желден қаладағы Нұрсәт ықшам ауданында трансформатор зақымданып, көп қабатты бірнеше үй жарықсыз қалған. Қала көшелерінде кейбір бағдаршамдар да істен шығып, көлік қозғалысына кедергі келтіріп жатыр.