Accessibility links

Ресей мен Қытай теңізде әскери жаттығу өткізеді


Ресейдің зымыран крейсері. (Көрнекі сурет)
Ресейдің зымыран крейсері. (Көрнекі сурет)
Ресей әскерилері мамыр айының соңында Ресей мен Қытай Шығыс Қытай теңізінде біріккен әскери жаттығулар өткізетінін және оған екі жақтан алты-алты әскери кеме қатысатынын мәлімдеді.

Ресейдің Тынық мұхиты флотының баспасөз қызметі 13 мамыр күні жаттығуға "Варяг" зымыран крейсерін, сүңгуір қайыққа қарсы кемесі мен үлкен десанттық кемесін жіберетінін хабарлады.

"Варяг" крейсері бастаған Ресей кемелері 14 мамыр күні Владивостоктағы әскери-теңіз күштері портынан Шығыс Қытай теңізіне аттанбақ.

Қытай қорғаныс министрлігі жаттығу "Теңізде бірлесу - 2014" деп аталатынын және ол 2013 жылы Ресейдің Қиыр Шығыс жағалауларында өткізілген жаттығуға ұқсайтынын айтады.

Қытай мен Жапония Шығыс Қытай теңізіндегі адам тұрмайтын, Жапония иелігіндегі шағын аралға қатысты дауласып жатыр.
XS
SM
MD
LG