Accessibility links

Грузия мен ЕО келісімге маусымда қол қояды


Еуропа кеңесінің президенті Херман ван Ромпей (сол жақта) мен Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили. 14 мамыр 2014 жыл.
Еуропа кеңесінің президенті Херман ван Ромпей (сол жақта) мен Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили. 14 мамыр 2014 жыл.
Грузия мен Еуропа Одағы (ЕО) экономикалық және саяси ассоциация туралы келісімге Брюссельде 27 маусымда қол қоятын болды деп мәлімдеді 14 мамырда Еуропа кеңесінің президенті Херман ван Ромпей.

Тбилисиде Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездескеннен кейін жасаған мәлімдемесінде Ромпей Грузиямен ассоциация туралы келісімге қол қоюды "маңызды сәт" деп атады.

"Бұл қадамы арқылы Грузия демократиялық институттарды қалыптастыру, азаматтарының құқықтарын құрметтеу және заңның үстемдігін орнату бағытынан айнымайтынын көрсетеді. Грузия еркін, демократиялық ел болғандықтан өз таңдауын жасауы тиіс. Ешқандай сыртқы қысым мұны өзгерте алмауы тиіс" деді Херман ван Ромпей.

Грузияның ЕО-мен келісім жасайтыны өткен жылы Литва астанасы Вильнюсте өткен саммитте белгілі болған.

Херман ван Ромпей 13 мамырда Молдоваға сапарында Кишиневтің де 27 маусымда ЕО-мен экономикалық және саяси ассоциация келісіміне қол қоя алатынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG