Accessibility links

ЕҚДБ: Шығыс Еуропа мен Кавказда экономика өсімі баяулайды


Еуропа қайта құру және даму банкі белгісі.
Еуропа қайта құру және даму банкі белгісі.
Еуропаның қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Украина дағдарысы Украина мен Ресейдің ғана емес, Еуропа мен Кавказ елдерінің экономикасына да кері әсер етіп жатқанын мәлімдеді.

ЕҚДБ экономистері Варшавада 14 мамыр күні өткен банктің директорлар кеңесінің жиынында қайта қараған экономикалық болжамдарын жариялады. Онда Украина экономикасы 2014 жылы құлдырауға ұшырайтыны, ал Ресей экономикасы санкциялар салынғанына байланысты стагнацияға түсетіні айтылған.

ЕҚДБ бұған қоса Беларусь, Молдова, Армения, Әзербайжан және Грузия экономикасында да өсім баяулайды деген болжам жасайды.

Банк экономистері экономикалық өсімнің баяулауына себеп ретінде шетел инвесторларының қаупін күшейткен геосаяси жағдайды және аймақта экспортқа деген сұраныстың азаюын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG