Алматының Алмалы аудандық соты 15 мамыр күні азаматтық белсенді Андрей Цукановтың қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) үстінен берген шағымын қанағаттандырудан бас тартты.
Цукановтың адвокаты Нұркен Жексембиев Азаттық тілшісіне сот қаулысының қорытынды бөлімін ғана оқып шыққанын, онда шағымның не себепті қанағаттандырылмағаны түсініксіз екенін айтты.
ІДД үстінен берген шағымында Андрей Цуканов биыл ақпанның 20-сы күні Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтің есептік жиынына бармақ болған кезде полицейлер өзін "заңсыз ұстап", полиция учаскесінде "моральдық зардап келтіргенін" жазып, өтемақы ретінде полиция департаментінен бір миллион теңге (бес жарым мың доллар шамасында) өндіртіп алуды сұраған.
Сот процесі кезінде куәгер болған полицейлер Цукановтың айтқандарын растаған жоқ. Ал жауап беруші жақтың өкілі шағымның негізсіз екенін айтып, соттан оны қанағаттандырмауды сұраған.