Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның көмекшісінің полиция ұстап тұрған шерушіні теуіп жатқан сәті түсірілген видео елде жаппай наразылық тудырды.
Түркиялық ақпарат құралдары демонстрантты тепкен шенеунікті премьер-министр аппаратының жетекшісі, премьердің кеңесшісі Юсуф Еркел деп жариялады.
Оқиға 14 мамыр күні Режеп Тайып Ердоғанның шахтадағы жарылыстан 283 кенші қаза тапқан Сома қаласына барғанында болған. Кеншілердің наразылық танытқан ашулы туыстары премьерге қарсылық білдіріп, оны супермаркетке қашып кіруге мәжбүрлеп, полициямен қақтығысқан.
Юсуф Еркел өз әрекетіне өкініш білдіретінін, бірақ ол оқиға кезінде арандатушылық болғанын айтып, мәлімдеме жасады.
15 мамырда апат болған шахтаға Түркия президенті Абдулла Гүл барды.