Accessibility links

Астанада "Протон-М" апатына наразылық танытты


"Антигептил" қозғалысының белсенділері "Протон-М" апатына наразылық білдіріп тұр. Астана, 16 мамыр 2014 жыл.
16 мамырда түстен кейін Астанада "Антигептил" қозғалысының бір топ белсендісі Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Протон-М" зымыранының ұшырылуына және құлауына қарсылық білдіріп, "Қазғарыш" ұлттық ғарыш агенттігіне хат тапсырды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қозғалыс белсендісі Болатбек Бәлілов "былтырғы "Протон-М" зымыраны апатынан бері шара қолданылмағанын" айтып, агенттік төрағасы Талғат Мұсабаевтың отставкаға кетуін талап етті.

16 мамырда Астана уақытымен түнгі сағат 3:42-де Байқоңырдан Ресейдің "Экспресс-АМ4Р" байланыс зымыраны тіркелген "Бриз-М" блокты зымыран тасығышы ұшырылған еді. Зымыран спутникті Жер орбитасына алып шығуы тиіс болған. Ұшқаннан кейін 9 минуттан соң зымыран тасығышта ақау пайда болып, апатқа ұшыраған.
  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG