Балканда табиғи апат салдарынан 20-дан аса адам қаза тауып, мыңдаған адам тұрғын үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды. Бірнеше кұн бойы толассыз жауған нөсер әсерінен өзендер арнасынан асып, елді мекендерді су басты. Тасқыннан қатты зардап шеккен Боснияда кемінде 16 адам қайтыс болған.
Босния қауіпсіздік министрлігінің өкілі апат болған аймақта миллионға тарта адам, яғни елдегі тұрғын халықтың төрттен біріне жуығы тұратынын хабарлады. Сонымен бірге билік тасқын мен көшкін салдарынан Боснияда 1990 жылдары болған соғыс кезінен қалған миналар жарылуы ықтимал екенін ескертті.
Ауа райын болжайтын мамандар жексенбі күні Сербияда Дунай мен Сава өзендерінде су ең жоғары деңгейге жететінін хабарлады.
Сербияға да орасан зардап тигізген табиғи апат салдары сондай-ақ Польша, Словакия және Австрияны да қамтыған.