Ханойда қытайларға қарсы шерулер кезіндегі қанды қақтығыстардан соң Вьетнамнан үш мыңнан аса Қытай азаматы эвакуацияланды.
Пекиннің Вьетнаммен арадағы даулы аймақ – Оңтүстік Қытай теңізі акваториясының бір бөлігіне мұнай платформаларын орналастыру туралы шешімі Вьетнамда Қытайға қарсы наразылыққа ұласты. Вьетнам мен Қытай жұмысшылары арасында болған қақтығыстар кезінде Қытайдың екі азаматы қаза тауып, жүзге жуық қытайлық зардап шеккен.
Вьетнамнан өз азаматтарын тезірек алып шығу үшін Қытай Вьетнам жағалауларына бес кеме жіберді.
Бүгін Вьетнам билігі Ханойдағы Қытайға қарсылық акцияларын доғару туралы бұйрық берді. Полиция Қытай елшілігіне жапсарлас көшелерді демонстранттар мен журналистерден тазартты.