Қырымда күштік құрылым қызметкерлері Польшаның «Газета Выборчей» газетінің Мәскеудегі тілшісі Вацлав Радзивиновичті ұстап, одан алты сағат бойы жауап алған.
Журналисті сенбі күні Симферопольдегі кафеде жұстаған. Оның құжаттарын тексерген Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) өкілдері Радзивиновичке «бөтен адамның атын жамылып жүрсің» деп мәлімдеген.
Украиналық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ФСБ өкілдері журналистің телефон шалуына рұқсат бермеген. Бірақ журналист редакциясына өзінің ұсталғанын хабарлап үлгерген, және ол ұстағандар өзіне ешқандай қысастық жасамай, жай әңгімелескенін жеткізген.
Вацлав Радзивинович пен онымен бірге ұсталған тағы екі журналисті кейін босатқан.