Accessibility links

Оңтүстік Корея кеме апатынан соң жағалау күзетін таратпақ


Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе.
Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе.
Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе өткен айда жолаушылар кемесі суға батқан оқиғадан соң жағалау күзеті қызметі таратылатынын мәлімдеді.

Жағалау күзеті қызметі сәуірдің 16-сы күні "Сеул" кемесі суға батқан кезде "іздеу және құтқару жұмыстарын нашар жүргізді" деген сынға қалған еді. Кеме апатынан 300-ден астам адам қаза тапқан.

Пак Кын Хе 19 мамыр күні жағалау күзеті қызметінің құтқару жұмыстары "сәтсіз жүргізілгенін" айтып, жағалау күзетінің міндеттері полиция мен жаңадан құрылатын үкіметтік органға жүктелетінін хабарлады.

Бортында 476 адам болған жолаушылар кемесі 16 сәуір күні Оңтүстік Корея жағалауына таяу маңда теңізде суға батқан еді. Араларында кеме капитаны мен экипаждың алты мүшесі бар, барлығы 174 адам құтқарылған.

Кеме капитаны мен экипаждың алты мүшесі "қызметіне немқұрайды қарады және жолаушыларды құтқару амалдарын жасамады" деген айыппен қамауда отыр.

Оңтүстік Корея президенті Пак Гын Хе 21 сәуір күні кеме суға батардағы капитан мен экипаждың іс-әрекетін "кісі өлтірумен тең болды" деп бағалаған.
XS
SM
MD
LG