Украинаның шығысындағы Славянск қаласының түбінде ресейшіл белсенділер атқан оқтан төрт украин сарбазы жараланды деп хабарлады әскери-саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Дмитрий Тымчук.
"Ақпараттық қарсыласу" тобының дерегіне қарағанда, ресейшіл белсенділер қала көшелерінің бірінен Карагун тауындағы украин әскерлерінің бекінісін минометтен атқылаған. Жараланған сарбаздарды ол жерден тікұшақтар алып кеткен.
Мамырдың 20-сына қараған түні белгісіз адамдар Харьков облысындағы Изюм қаласына жақын маңдағы украин әскерлерінің лагерлеріне шабуыл жасаған. Үш сағатқа созылған ұрыста мерт болған адам шабуылдаушылардың бірі болуы мүмкін деп хабарлайды УНИАН агенттігі.
Шабуыл жасағандардың нақты саны айтылмайды. Бірақ әскерилердің дерегінше, шабуылдағандар төрт көлікпен келген. Украиналық әскерилер өздері жақтан қаза болғандар жоқ екендігін, тек бір сарбаз ғана жараланғанын айтады.