Accessibility links

Қытай үкіметі АҚШ елшісіне наразылық хатын тапсырды


АҚШ-тың Қытайдағы елшісі Макс Бокус.
АҚШ-тың Қытайдағы елшісі Макс Бокус.
Қытай сыртқы істер министрлігі Пекиндегі АҚШ елшісі Макс Бокусты шақыртып, Вашингтонның қытайлық бір топ әскери шенеунікке "кибер тыңшылық жасады" деп айып тағуына байланысты наразылық хатын тапсырды.

Бүгін Xinhua агенттігі Макс Бокуспен Қытай сыртқы істер министрінің көмекшісі сөйлескені туралы хабарлады.

Бұған дейін АҚШ Қытай армиясының бес офицерін "америкалық бірқатар компаниядан сауда құпияларын ұрлады" деп айыптаған еді. Қытай басшылығы айыптауларды жоққа шығарып, АҚШ-пен кибер қауіпсіздік мәселелері бойынша бірлескен жұмыс тобы аясындағы ынтымақтастықты тоқтататынын мәлімдеген.

Жұмыс тобы былтыр Қытай әскерилерінің осы жолғыдай "коммерциялық онлайн тыңшылыққа қатысы бары" туралы айып тағылған соң құрылған еді.
XS
SM
MD
LG