Accessibility links

Обама мен Путин Нормандияда кездеспеуі мүмкін


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Рсеей президенті Владимир Путин.
АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Рсеей президенті Владимир Путин.
АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путиннің Нормандияда кездесуі жоспарда жоқ деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни.

"Мен екі жақты кездесу болады деп ойламаймын. Сондықтан, қандай да бір жоспар жоқ" деді Карни.

Маусым айының басында бірнеше мемлекеттің басшылары фашистік Германияға қарсы одақтас елдердің Еуропада әскери операциясы басталғанына 70 жыл толуына байланысты Францияның Нормандия облысына еске алу шараларына қатысады.

Бұған дейін Нормандиядағы іс-шараларға президент Путиннің баратыны туралы Ресейдің Франциядағы елшісі хабарлаған еді. Ол Путиннің Нормандияда шетел басшыларымен Украинадағы жағдайды талқылауға тырысып көруі мүмкін екенін жоққа шығармаған.

Францияға Германия канцлері Ангела Меркель де бармақшы.
XS
SM
MD
LG