Accessibility links

Талибан 27 ауған полицейін тұтқынға алды


Ауған полицейлері. (Көрнекі сурет)
Ауған полицейлері. (Көрнекі сурет)
Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан уәлаятында Талибан жасақтары 27 полиция офицерін кепілге алды.

Бадахшан полициясы бөлімінің бастығы Фазилуддин Аярдың айтуынша, полицейлер 21 мамырда уәлаяттың Йамган ауданында үңгір ішінде жатып Талибан сарбаздарымен атысқан. Кейін сол ауданның қариялары арағайындық жасап атысты тоқтатып, полицейлер қаруларын тастап Талибан жасақтарына берілуге келіскен.

Фазилуддин Аяр қазір кепілдегі полицейлердің қайда екені анықталып жатқанын айтады.

Талибан сарбаздары 21 мамыр күні Йамган ауданында бірнеше полиция бекеттеріне шабуылдап, алты полицейді өлтірген.

Талибан бұған дейін көктемгі шабуылға шығатынын жариялап,14 маусымда өтетін президент сайлауының екінші кезеңін болғызбайтынын ескерткен.
XS
SM
MD
LG