Accessibility links

Ресей министрі: Украина азаматтық соғысқа ұрынды


Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Мәскеуде өтіп жатқан қауіпсіздік мәселесі жөніндегі халықаралық конференцияда "Украина азаматтық соғысқа ұрынды" деп мәлімдеді.

Шойгу "шиеленіс ошағы Еуропада қолдан жасалды" деп, дағдарысқа "түрлі-түсті төңкерістерді" айыптады. Ол "демократия желеуімен адамдарға шетелдік құндылықтар күштеп таңылып жатқанын" да айтты.

Сергей Шойгу Венесуэлада да Украинадағыдай жағдай басталып, "заңды жолмен сайланған билік шетелден қаржыландырылатын, өздерін демократиялық оппозиция деп атайтындардан қарсылық көріп отырғанын" баяндады.

Ол бұған қоса Ресей президенті Владимир Путиннің "нәтижесі болмайтын геосаяси ойынның және өз құндылығын өзгеге күштеп танудың архаикалық үлгісін қолдануды доғаруға шақырған" хатын оқып берді.
XS
SM
MD
LG