Accessibility links

Украина түбінен Ресей әскерін әкетуге бірнеше апта керек


Ресей қарулы күштерінің бас штабының бастығы, генерал Валерий Герасимов . Мәскеу, 23 мамыр 2014 жыл.
Ресей қарулы күштерінің бас штабының бастығы, генерал Валерий Герасимов . Мәскеу, 23 мамыр 2014 жыл.
Ресейдің әскери басшылығы "40 мың әскерді Украина шекарасынан әкетуге бірнеше апта керек" екенін айтты. Мұның алдында Ресей Украина шекарасына шоғырланған әскерін алып кетуге уәде берген еді.

Ресей қарулы күштерінің бас штабының бастығы, генерал Валерий Герасимов 23 мамыр күні "әскерді базаларына әкетуге 20 күн керек болатынын" мәлімдеді.

Мұның алдында Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антонов "шекара аймағынан әскердің бірнеше күн ішінде кететінін" айтқан еді. Ресей президенті Владимир Путин де әскерді шекарадан әкету туралы бұйрық бергенін мәлімдеген.

Вашингтон (АҚШ) мен Брюссель (ЕО) Ресей әскерінің Украина шекарасына шоғырлануын Мәскеудің бұл елдің шығысындағы жағдайды ушықтыруға деген ұмтылысы әрі 25 мамыр күні өтетін Украина президенті сайлауына жасап отырған кедергісі деп санайтындарын айтты.

Пентагон (АҚШ) 23 мамыр күні шекарада тұрған Ресей әскерінің қозғалысы байқалғанын хабарлады. Бірақ Ресей әскерін толық әткетті деуге әлі ерте екенін ескертті.
XS
SM
MD
LG