Accessibility links

Сайлау күні Луганскідегі атыстан бір адам қаза тапты


Луганск маңында сепарастистер орнатқан тосқауыл.
Луганск маңында сепарастистер орнатқан тосқауыл.
Украиналық ақпарат құралдары 25 мамыр күні, президент сайлауы кезінде сепаратистер бақылауындағы Луганск облысында белгісіз қарулы адамдар дауыс беру бюллетендерін алып қашқан соң қауіпсіздік күштерімен атыс болып, бір ер адамның қаза тапқанын хабарлады.

"Интерфакс-Украина" агенттігі ішкі істер министрі Сергей Яровойдың сөздеріне сілтеме жасап, атыстың Луганск қаласының солтүстігіндегі Новоайдар селосында сайлау бюллетендерін "қарулы сепаратистер" тартып алғаннан кейін болғанын хабарлады. Яровойдың сөзінше, қаза тапқан адамның кім екенін белгісіз. Тағы бір адам жараланған.

Украина орталық сайлау комиссиясы 25 мамыр күні сепаратистер бақылауындағы Луганск облысының солтүстігіндегі жеті ауданында ғана, ал Донецк облысындағы сайлау учаскелерінің тоғызында ғана дауыс беріліп жатқанын мәлімдеген.

Донецк облыстық әкімшілігі басшысы Сергей Тарута облыстағы бірқатар аудандарда өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" өкілдері сайлау комиссияларының жұмысына бөгет жасап, бюллетендер мен басқа да құжаттарды, мөрлерді тартып алып, сайлауды өткізбей тастағанын айтқан.
XS
SM
MD
LG