Accessibility links

Моди Үндістан премьері қызметіне кірісті


Үндістанның жаңа премьер-министрі Нарендра Моди.
Үндістанның жаңа премьер-министрі Нарендра Моди.
Үндістанда 26 мамыр күні Нарендра Моди премьер-министр ретінде салтанатты түрде ант қабылдады. Ант қабылдау рәсіміне шет мемлекеттердің жоғары шенді билік өкілдері (оның ішінде Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф те бар) қатысты. Делиде президент сарайында өткен инаугурация алдында Шариф Үндістандық әріптесі Модидің ант қабылдауын "екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға туған тамаша мүмкіндік" деп мәлімдеді.

Наваз Шариф - Үндістан премьерінің инаугурациясына барған 1947 жылдан бергі алғашқы Пәкістан премьері. Бұл екі ел даулы Кашмир аймағына қатысты үш рет соғысуға шақ қалған. 27 мамыр күні Моди мен Шариф ресми келіссөздер жүргізуі тиіс.

Нарендра Модидің ұлтшыл "Үндістан халықтық партиясы" ("Бхаратия джаната парти") парламент сайлауында жеңіске жеткен. Моди экономиканы нығайтып, Үндістанды әлемдік державаға айналдыруға уәде берген.
XS
SM
MD
LG