Accessibility links

Вьетнам: Қытай кемемізді суға батырды


Қытай кемелері Вьетнаммен арадағы даулы Оңтүстік Қытай теңізі акваториясын шолып жүр. 14 мамыр 2014 жыл.
Қытай кемелері Вьетнаммен арадағы даулы Оңтүстік Қытай теңізі акваториясын шолып жүр. 14 мамыр 2014 жыл.
Вьетнамның ресми ақпарат құралдары Оңтүстік Қытай теңізіндегі Қытаймен арадағы даулы аймақта Қытайдың балық аулаушы кемесі Вьетнамның балық аулаушы кемесін соғып, суға батырып жібергені туралы хабарлады.

Оқиға Қытайдың мұнай платформаларын орната бастаған даулы теңіз акваториясынан 30 километр қашықтықта болған. Суға батқан кемеден Вьетнамның 10 теңізшісі құтқарылған.

Қытайдың мұнай платформаларын орнату әрекеті Ханойдың ашу-ызасын келтіріп, Вьетнамда Қытайға қарсы наразылықтар тудырған. Вьетнам оқиға болған аймаққа қарауыл кемелерін жіберген.

Таяуда Вьетнамның бірнеше өнеркәсіптік аймағында қытайларға қарсы шерулер болған еді. Вьетнам мен Қытай жұмысшылары арасында болған қақтығыстар салдарынан Қытайдың екі азаматы қаза тауып, 140-қа тарта адам жараланған.

Вьетнам мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізі акваториясының бір бөлігін бөлісе алмай келеді.

Мамырдың 1-і күні Пекин даулы теңіз суларында мұнай платформаларын орнатуды бастаған соң екі ел қарым-қатынасын нашарлап, мемлекетаралық қақтығыс туындап кету қаупін тудырған.
XS
SM
MD
LG