Accessibility links

Украина: Ресей "қарыз газын" қайтарсын


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Ресейдің "Газпром" компаниясы Мәскеу Қырымды аннексиялап алған соң Украинаға құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын 2.2 миллиард текше метр газ қарыз болып қалды деп мәлімдеді.

27 мамырда Яценюк "Газпром" мен Украинаның "Нафтогаз" компаниясы 29 мамырға дейін газ тасымалына қатысты дауларын реттей алмаса, Киев "Газпромды" Стокгольмдегі халықаралық арбитраждық сотқа беретінін айтты.

Мамырдың 27-сі күні берген сұхбатында "Газпром" басшысы Алексей Мюллер Ресей Украина газ үшін қарыз 2 миллиард АҚШ долларын 30 мамырға дейін төлейді деп күтіп отырғанын айтты.

Бірақ Украина қарызын қайтармас бұрын Ресейдің қымбаттатқан газының бағасын бұрынғы мөлшеріне қайта түсіруін сұрайды.

Ресей ақпан айының соңында Украина президенті Виктор Янукович биліктен кетірілген соң бұл елге сататын газының бағасын текше метріне 485 АҚШ долларына дейін қымбаттатқан.
XS
SM
MD
LG