Accessibility links

Астанада "антиеуразияшыл" белсенділер ұсталды


27 мамыр күні Астана қаласының шетіндегі Ильинка кентінде Еуразия Одағына қарсы іс-шара өткізбек болған жиырма шақты белсендіні полиция ұстап әкетті. Қамауға алынғандардың ішінде Азаттық тілшісі Өркен Жоямерген де бар.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 27 мамыр күні таңертең "Антигептил" қозғалысы мен бірқатар Астана тұрғындары Ильинка кентінде жиын өткізіп, 29 мамыр - Еуразия Одағы туралы келісімге қол қойылатын күнгі іс-шараларын жоспарламақ болған. Олардың ізінше жеткен жергілікті полиция жиналғандардың бәрін ұстап әкеткен.

29 мамыр күні Астанада Ресей, Қазақстан мен Беларусь президенттері Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қояды деп хабарланды. Бұл күн таяған сайын Алматы мен Астанада Қазақстанның жаңа бір аймақтық одаққа кіруіне қарсы азаматтық акциялар жиі өте бастады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG